Алакөлге биыл қанша турист келді?

Алакөлге биыл қанша турист келді?

Алакөлге биыл қанша турист келді?
ашық дереккөзі
Алакөлдің оң жағалауына биылғы шомылу маусымында бір миллион 300 мыңнан астам турист келді. Мамандардың айтуынша, саяхатшылар санының артуына жолдар жөнделіп, көл жағасындағы инфрақұрылымның жақсаруы оң әсер еткен. Алдағы жылы суы дертке дауа, жанға шипа болған Жетісудің маржаны - Алакөлге апаратын жолдарды жөндеу жұмыстары толығымен аяқталады. Бұл мақсатқа бір миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Сонымен қатар, авиация комитетіне  Үшарал қаласындағы аэродромның ұшу-қону алаңын қайта жөндеуге бюджеттік өтінім берілді. Оның жобасы мен мемлекеттік сараптамадан өткендігі туралы құжаттары дайын тұр. Ұшу-қону алаңы жөнделгеннен кейін бұл әуежай ұшақтардың барлық түрін қабылдай алатын болады. 2020 жылы «Талдықорған – Үшарал» тас жолын жөндеу жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталатынын да айта кетейік. "615-шақырымда жұмыс жүріп жатыр. Подрядчиктерге, «Қазақавтожолға» тапсырма берілді, биыл олар 100 шақырым  жолды асфальтпен бітіруі керек. Келесі жылға 100 процент бітіруі керек 350 шақырымныңбәрін. Қалған жұмыстарды 2021 жылы бітіруге олар уәде беріп отыр", - дейді облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жасыбаев.