Алты айлық сәбиін өлтірген әйел 15 жылға сотталды

Алты айлық сәбиін өлтірген әйел 15 жылға сотталды

Алты айлық сәбиін өлтірген әйел 15 жылға сотталды
ашық дереккөзі
Тәжікстанның Куляб қаласында  24 жастағы келіншек алты айлық сәбиін өлтіргені үшін 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. 
Хатлон облысының тұрғыны Жәмила Каримова биыл маусым айында күйеуінің туыстарымен ұрсып қалғаннан кейін, ұлы Мұхаммаджонды каналға лақтырып жіберген. Баланың денесі бір апта өткеннен кейін табылған. Сотталушының күйеуінің туыстары келін болып түскен күннен бері Жәмила жаңа туыстармен тіл табыса алмады дейді. Ал өзінің айтуынша, күйеуінің туыстарынан үнемі жәбір көрген. Бірнеше рет өзіне қол жұмсағысы келген. Жәмила сотта істеген ісіне қатты өкінетінін білдірген. Ол ұлын суға лақтырғаннан кейін, артынан өзін де тастамақшы болған. Бірақ райынан қайтқан. Жәмила Каримова 2018 жылдың басында Умеджон Халимовқа тұрмысқа шыққан. Күйеуінің сөзінше, үйдегі ұрыс-керіс анасының сөмкесінен ақша ұрланғаннан басталған. Бұған келіншегін кінәлайды. Бірақ ол соттан жеңіл жаза беруін сұрады.