21 Қазан, 12:35 349 0 Білім Анар ЛЕПЕСОВА

Министрлік балабақша бағдарламасынан ағылшын тілін алып тастамақ

Бұдан былай еліміздегі балабақшаларда ағылшын тілі оқытылмайды. Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі тәрбие саласындағы реформалары жайлы ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов айтып берді.   

"Мектепке дейінгі білім бағдарламасынан ағылшын тілін алып тастауды жоспарлап отырмыз", - деді Аймағамбетов мәжілісте "Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алдын-ала қорытындылары туралы" үкімет сағатында.

Бұдан бөлек, білім министрлігі балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеруді көздеп отыр.

"Тағы бір мәселенің бірі – бірыңғай электронды кезектің жоқтығы. Кейде мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшаға барған балалар кезектен шығарылмай қалады", - деді ол.

Аймағамбетов лицензиялау мен аккредитацияның жоқтығы да бірқатар проблема тудырып отырғанын атап өтті.

Айта кетсек, қазір Қазақстанда барлығы 10 673 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде балабақшалар саны – 6 470, шағын орталықтар – 4 203.

 

Соңғы жаңалықтар