20 Қазан, 20:20 365 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

АҚШ Сириядағы әскерін Иракқа көшіруде

АҚШ Сириядан әскерін шығарып, оларды Иракқа жеткізіп жатыр, деп хабарлайды Reuters.

"Сирияның солтүстік-шығысынан АҚШ әскерін шығару жұмыстары жылдам жүргізіліп жатыр. Бұл жоспар аясында біз оларды Ирактың батысына көшіріп жатырмыз", - дейді АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер.

Сонымен қатар, ол Иракқа шамамен мыңға жуық жауынгер жеткізілетінін айтты.

"Әскерді шығару жұмыстары штатты режимде жүргізілуде. Сирияның солтүстік-шығысында қазір тыныштық орнаған, жол бойы тұрақты деп айтуға болады", - дейді Эспер.

Соңғы жаңалықтар