20 Қазан, 17:14 372 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Роналдудың Instagram-нан табатын табысы жарияланды

Ювентустің» шабуылшысы Криштиану Роналдудың Instagram парақшасынан түсетін табысы жалақысынан көп. Бұл туралы La Gazzetta dello Sport басылымына сілтеме жасап prosports.kz хабарлады. 

Басылымның жазуына қарағанда, португалиялық футболшы бір жылда 49 жарнамалық пост жариялап, әрқайсысы үшін 900 000 еуро алған. Осылайша Роналду 2018 жылы 44,1 миллион еуро пайда тапқан.

Ал оның «Ювентустегі» жылдық табысы 30 миллион еуроны құрайды. «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси 21,2 миллион еуро табыс түсірген. Сондай-ақ спортшылардың ішінен Дэвид Бекхэм (4 орын) мен Неймар (6 орын) рейтингіден орын алды.

Соңғы жаңалықтар