20 Қазан, 11:45 365 0 Әдебиет Анар ЛЕПЕСОВА

Бақытжан Сағынтаев алматылық қаламгерлерге грант табыстады

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жазушылар қауымымен кездесіп, оларға атаулы гранттарды табыстады.

Грантқа үміткерлерді Қазақстан Жазушылар одағының комиссиясы анықтады. Грант сомасы – 500 мың теңге.

Әкімнің гранттарын алғандар ішінде драматург Софы Сматаев, жазушы Темірхан Медетбек, ақындар Исраил Сапарбай, Надежда Чернова, Патигүл Мақсатова, Любовь Шашкова, Думан Рамазан, Дидар Амантай, Қалмахамбет Мұқаметқали, жас қаламгерлер Қанат Әбілқайыр, Қанат Тілеухан, Мақсат Рамазан, Динара Мәлік, Дархан Бейсенбекұлы, Досхан Жылқыбай, Ирина Гумыркина, аудармашы Нина Скаловская, сыншы Бағашар Арықбаев және басқа да қаламгерлер бар.

Кездесуде қала әкімі ағымдағы жылы Қазақстан Жазушылар одағының тарихи ғимаратын жөндеу басталатынын, нысанның бұрынғы сәулет көркін сақтау басты шарттың бірі екенін атап өтті. Келер жылы Әдебиетшілер үйін жөндеуден өткізу жоспарланған. «2021 жылы біз ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз, келер жылы – ұлы Абай мен әл-Фарабидің мерейтойлары. Сіздердің сценарийлерді, қойылымдарды, әдеби шығарманы әзірлеуге қосатын үлестіріңіз өте бағалы», - деді Б.Сағынтаев, сонымен қатар ол қоғамға рухани бағдардың қажет екенін атап өтті.

Өз кезегінде Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет қолдауға, әсіресе жас жазушыларға көрсетілген сенімге алғыс сөзін айтып, ризашылығын білдірді. «Бізге, халықтың өкілі ретінде әкімнің естуі маңызды, демек ол қалалықтардың қажеттіліктері мен үміт-ниетін біледі деген сөз. Біз өз тарапымыздан қала қоғамдастығын дамытуға өз үлесімізді қосу үшін барлық мүмкіндіктерді жасайтын боламыз», - деді Ұ. Есдаулет.

 

Соңғы жаңалықтар