20 Қазан, 11:29 367 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Назарбаев мектебінің оқушылары зағип жандарға арналған мобильді қосымша жасап шығарды

Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары көру қабілеті нашар жандарға арналған мобильді қосымша мен бағыт беретін таяқ ойлап тапты.

Қосымшаның көмегі мол. Егер телефон камерасын кітаптағы немесе анықтамадағы мәтінге бағыттасаңыз, ол дауыстап оқи жөнеледі. Ал адамға, сондай-ақ кез-келген затқа түсірсе оның түр-түсін, жынысын, тіпті көңіл-күйін сипаттап береді.

Ал екінші құрылғы - зағип жандардың жүріс-түрысына арналған навигациялық жүйемен жұмыс істейтін таяқ. Ол адамның тұрған жерін анықтап, әрі қарай жүрудің бағытын көрсетеді. Алайда оқушылардың бұл өнертабысы көшелер мен ғимараттарда, емханаларда және өзге де әлеуметтік нысандарда кеңінен қолданылуы үшін арнайы модульдер орнатылуы қажет екен. Сонда ғана көзі нашар көретін жандар ешкімнің көмегінсіз жүре алады.

"Біздің бұл жобамыз вибрация арқылы қай жаққа бұрылу керектігін айтады және де біздер сол адамды керек жеріне жеткіземіз. Жобаның негізгі мақсаты көзі нашар көретін зағип жандарды тәуелсіз ету. Яғни қазіргі кезде олар басқа адамдардан немесе басқа адамдардың көмегі керек немесе оларда өте көп қиындықтар туындайды. Ал бұл құрылғы сол мәселелерді шешуге бағытталған", - дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Асан Қожин.  

 

Соңғы жаңалықтар