17 Қазан, 10:43 356 0 Нұр Отан Анар ЛЕПЕСОВА

«Nur Otan»-да жемқорлыққа қарсы жедел желі жұмыс істейді

Сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір көрінісіне тап болған еліміздің кез келген тұрғыны «Nur Otan» партиясына хабарласа алады. Ол үшін Партиялық бақылау комитетінде арнайы 8 800 080 44 41 жедел желісі іске қосылды.

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, 2014 жылы кең көлемді қоғамдық талқылаудан кейін 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл партиялық бағдарламасы қабылданып, кейіннен ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізіне айналды. «Nur Otan»-ның бастамасымен «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы» және т.б. заңдар қабылданды. Жақында ғана Сыбайлас жемқорлықты қабылдау ұлттық индексі жарияланды.

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің жұмысын күшейтуді, сонымен бірге тұрғындармен өзара іс-қимыл әрекет үлгісін жетілдіріп, тығыз байланыс орнатуды тапсырды.

Жедел желі арқылы түскен қоңыраулардың барлығы ары қарай мемлекеттік органдардың жұмысындағы сыбайлас жемқорлық қауіптеріне талдау жүргізу және оларды барлық деңгейлерде азайту бойынша шаралар қабылдауға көмектесу үшін тіркеледі.

«Бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды. Әрбір шағым бойынша тез арада жұмыс істеледі. Сонымен қатар, партиялық бақылау қызметі мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар бере алады» – деді «Nur Otan» партиясы партиялық бақылау қызметінің басшысы Дәурен Бижұманов.

Сall-орталықтың жұмыс уақыты: дүйсенбі мен жұма күндері сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін. Жұмыс уақытынан тыс және демалыс күндері қоңыраулар жазылып алынады.

Соңғы жаңалықтар