Әлемнің ең қымбат футболшысы 50 миллион еуро жалақыдан неге бас тартты?

Әлемнің ең қымбат футболшысы 50 миллион еуро жалақыдан неге бас тартты?

Әлемнің ең қымбат футболшысы 50 миллион еуро жалақыдан неге бас тартты?
ашық дереккөзі
Франциялық «Пари Сен-Жермен» форварды Килиан Мбаппе клуб ұсынған жылына 50 миллион еуро жалақыдан бас тартты. СCIES Football Observatory басылымының мәліметінше, париждік клуб басшылығы футболшыға 2024 жылға дейін келісімшарт ұсынған. Алайда 20 жастағы Мбаппе «Реалға» ауысуды ойлағандықтан, ұсынысты қабыл алмаған. Мадридтік клуб Мбаппе үшін ПСЖ-ға 280 миллион еуро ұсынбақ екен, биыл наурызда France Football осындай ақпарат жариялаған еді. Олай болған жағдайда бұл футбол тарихындағы ең қымбат трансфер атанады. СCIES Football Observatory Мбаппені әлемдегі ең қымбат ойыншы деп атап,  252,2 миллион еуроға бағалады.