«Эйр Астана» отандық кәсіпкерлерге басымдық бермек

«Эйр Астана» отандық кәсіпкерлерге басымдық бермек

«Эйр Астана» отандық кәсіпкерлерге басымдық бермек
ашық дереккөзі
«Эйр Астана» акционерлік қоғамы Алматыда ашық есік күндерін өткізді. Жиында әуе компаниясының тендер ұтып алушыларға қоятын талаптары мен міндеттері түсіндірілді. Шара барысында отандық және шетелдік өндірушілер өндірген, «ЭйрАстана» сатып алған тауарлар көрмеге қойылды. Әуекомпаниясы бүгінгі таңда қазақстандық тауарларды тұтынуға қызығушылық танытып отыр. Егер тауар сапасы мен сервистік қызмет жақсы болса, ол өнімді ешқандай қиындықсыз сатып алатындарын жеткізді. Ашық есікке «Эйр Астана» АҚ сатып алу бөлімінің вице-президенті Диляра Күнқожаева, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысып, арнайы сөз сөйледі. Диляра Күнқожаева келтірген мәліметке сүйенсек, мемлекеттік сатып алудан жеңген тасымалдаушылар базасы 25 мыңнан астам болса, соның 34 пайызы жергілікті кәсіпкерлер еншісінде. Компания өкілдері осы 34 пайызды алдағы уақытта жоғарылатпақ ниетте. «Эйр Астана» АҚ-ның 51 пайыз акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі болса, қалған 49 пайызға ұлыбританиялық «BAE Systems» компаниясы ие. Тараптар шешімімен «Эйр Астана» компаниясының сервистік қызметі жыл сайын жақсарып келеді. Оған тендерге бөлінген қаражат та әсер етсе керек. Мәселен 2017 жылы 153 млрд теңге қарастырылса, бұл сомма 2019 жылы 219 млрдқа жеткен. Компания өкілдері барлық қазақстандықтарды «Эйр Астана» компаниясының тендеріне қатысуға шақырып, кеш соңында үздік тауар жеткізушілерді марапаттады.