Статистика комитеті қыркүйектегі орташа жалақы көлемін жариялады

Статистика комитеті қыркүйектегі орташа жалақы көлемін жариялады

Статистика комитеті қыркүйектегі орташа жалақы көлемін жариялады
ашық дереккөзі

ҚР ҰЭМ Статистика комитеті экономикалық индикатор көрсеткіштерін жариялады. 

Сонымен, 2019 жылғы тамызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 103816 теңгені (алдын ала деректер) құрады, бұл 2018 жылғы тамызға қарағанда 9,5% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3,8%-ке артты.
2019 жылғы қыркүйекте бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 188634 теңгені құрады.
2019 жылғы қыркүйекте жұмыссыздар саны бағалау бойынша 442,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің санына  шаққанда 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2019 жылғы қыркүйектің соңына 170 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне шаққанда 1,8% көрсетті.