Елімізде пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы тоқтатылады

Елімізде пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы тоқтатылады

Елімізде пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы тоқтатылады
ашық дереккөзі
3 жылдан кейін елімізде пәтер иелері кооперативтері өз жұмысын тоқтатпақ. Бүгін Парламент Сенатының екінші оқылымына жолданған «ҚР Тұрғын үй мәселелесі бойынша заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында осындай өзгеріс қаралған.  Парламент Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті бүгін «ҚР Тұрғын үй мәселелесі бойынша заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады. «Бұл заң жобасы үш мәрте көптің алдында талқыланған болатын. Заң жобасының алғашқы нұсқасы мен қазіргі нұсқасының айырмашылығы үлкен. Заң жобасына осы уақытқа дейін 400-ге тарта өзгеріс пен толықтыру енгізілді. Мәжіліс және Сенат депутаттары өз тарапынан тиісті ұсыныстарды енгізді. Жұмыс тобының бірнеше отырысы өтіп, ұзақ талқыдан кейін заң жобасы Сенаттың екінші оқылымына жолданды», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев бүгінгі Сенаттағы отырыстан кейін тілшілерге берген жауабында. Вице-министрдің айтуынша, ПИК-тер 2022 жылдың 1 шілдесінде жұмысын тоқтатады. «Себебі, біз норма бойынша басқару формасы өзгергенге дейін 3 жыл уақыт сұрап отырмыз. Алдағы бір жылда кез келген тұрғын үйдің тұрғындары қандай басқару формасын таңдайтынын айқындап алуы керек. Олар қарапайым серіктестікті таңдай ма, әлде, үйдің бүкіл шаруасын заңды тұлға жүргізгенін қалай ма – анықтап алуы тиіс. Яғни, тұрғындар басқару органын таңдауға құқылы. Олар заңды тұлғаға жүгінбей-ақ басқарушы компаниямен келісіп ала алады. Заң жобасы бойынша қасбеттің, шатырдың қалыпты жағдайда болуына қатысты жергілікті атқарушы органдарға үлкен құзірет беріледі», – деді ол.