Цифрландыру 3 мыңнан астам адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін

Цифрландыру 3 мыңнан астам адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін

Цифрландыру 3 мыңнан астам адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін
ашық дереккөзі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрландыру өндірісіне байланысты 2025 жылға қарай Қазақстанда 3,2 мың жұмыс орны босайтынын айтты, деп хабарлайды LS басылымы.

Ведомстваның мәліметінше, мұндай көрсеткіш Атырау, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда және Қостанай облыстарында болады деп күтілуде. Сондай-ақ, министрлік цифрландыру мен автоматтандыруға байланысты 2018 жылы 2,1 мың адам жұмыстан босатылғанын мәлімдеді. Жыл соңына дейін мұнай мен газ, метал өндіру және тау-кен өндірісі бойынша тағы 71 жұмысшы босатылады деп жоспарлануда.
Цифрландыру елдегі жұмыссыздар санының өсуіне әсер етпес үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ірі кәсіпорындармен бірге Жол картасын әзірлеуде. Яғни, жұмыстан босаған жұмысшыларды өзге салаға жұмысқа орналастыру үшін қайта дайындықтан өткізбек.