Ұлытаудың 80 жылдығы тойланды

Ұлытаудың 80 жылдығы тойланды

Ұлытаудың 80 жылдығы тойланды
ашық дереккөзі
Ұлытау ауданында ақын Тайжан Қалмағамбетовтың 140 жылдығына және Ұлытау ауданының 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған салтанатты шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, Ұлытау ауданының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, сондай-ақ қонақтар мен жергілікті тұрғындар қатысты. Мерейтойлық даталар құрметіне мерекеге қатысушылар ауданның орталық саябағында шырша отырғызды. Көрермендер үшін Ұлытау ауданының мәдениет үйінің әртістері, Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Сондай-ақ, мереке аясында Тайжан Қалмағамбетовтың «Тайжан ізімен» республикалық ән байқауы және қазақ күресінен жарыс өтті. «Тайжан ізімен» байқауында Жаңаарқа ауданынан Ж. Сыздықов бас жүлдені иеленді. Жеңімпазға бір миллион теңге ақшалай сертификат берілді. Бірінші орынды қызылордалық Б. Әбдімәжитов жеңіп алды. Екінші орынды Қызылорда қаласынан келген И. Дәулетхан иеленді. Үшінші орын Жезқазған қаласының әншісі М. Шоқтаевға берілді. Барлық қатысушылар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. «Шебер орындаушы» номинациясы бойынша Ж. Бижігітов жеңімпаз атанды, ал «Дәріптеуші» номинациясы бойынша С. Қисатова үздік атанды. Орындаушылар 100 000 теңгеден алды.  width= Қазақ күресінен 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Е. Төлеш жеңімпаз атанды. Екінші орынды А. Мауленин иеленді. Үшінші орынға Н. Сағынтай ие болды. Абсолюттік салмақ дәрежесінде Ж. Құдайберген жеңіске жетті, екінші орында - А. Есенқабыл , үшінші орында - Б. Алшынбек. Мереке қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концертпен аяқталды. Сахнада Өмірзақ Айниязов, Бейбіт Күшқалиев, Сиви Махмуди және Нұржан Керменбаев өнер көрсетті.