Елордалықтар қоғамдық көлікте жолақыны бет-әлпетімен төлей алады

Елордалықтар қоғамдық көлікте жолақыны бет-әлпетімен төлей алады

Елордалықтар қоғамдық көлікте жолақыны бет-әлпетімен төлей алады
ашық дереккөзі

Бұдан былай елордалықтар  қоғамдық көлікте жолақыны бет-әлпетімен төлей алады. Жаңа төлем жүйесі автобустарда орнатылатын адамның бет-әлпетін танитын камера арқылы жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Face Pay жобасының әзірлеушілері хабарлады. 

Жүйеге тіркелу үшін адам Telegram арқылы арнайы ботқа өзінің ЖСН-ін, банк картасының мәліметтерін және селфиге түсіп жіберу керек.

Осыдан кейін жолаушы автобусқа кіргенде камераға қарап-ақ төлем жасай алады. Камера адамның бет-әлпетін танып, жүйе автоматты түрде оның картасынан жолақыны шешіп алады.

"Бүгін біз Face Pay инновациялық жобасын таныстырдық. Бұл – биометрия арқылы жолақы төлеу жүйесі. Біз Telegram-да арнайы бот жасадық. Сіз ол арқылы өз ЖСН нөміріңізді, селфи суретіңізді, карточкаңызды тіркеп, жүйеге қосыла аласыз. Өз мәліметтеріңізді қолдануға рұқсат бергеннен кейін, қоғамдық көлікте ақшасыз, картасыз және телефонсыз жолақысын төлей бересіз. Автобусқа кірген кезіңізде жүргізушінің мониторында сіздің суретінің пайда болады", – деп түсіндірді "Ipay" компаниясының құрылтайшысы Алмас Айменов.

Жобаның әзірлеушілері бұл жүйені азаматтарды бақылау тәсілі ретінде емес, қолайлы және қауіпсіз қызмет ретінде қарастыруды ұсынды.

Тағы бір айта кетерлігі, егер Астана LRT полициямен ынтымақтастық орнатса, жүйе іздеу салынған қылмыскерлердің суретін құқық қорғау органдарына жіберіп тұра алады. Осылайша, жаңа жүйе қылмыскерлерді ұстауға да септігін тигізбек.

Астанада жобаны тестілеуден өткізу осы аптада басталады. Жаңа төлем жүйесі Нұр-Сұлтандағы екі автобусқа орнатылмақ.