Танымал әнші ерсі қылығы үшін сахнаға шығу құқығынан айрылды

Танымал әнші ерсі қылығы үшін сахнаға шығу құқығынан айрылды

Танымал әнші ерсі қылығы үшін сахнаға шығу құқығынан айрылды
ашық дереккөзі
Өзбектің танымал әншісі Жахонгир Отажонов лицензиясынан айырылды, деп хабарлады "Узбекконцерт". Ол енді Өзбекстанда концерт бере алмайды. "Жахонгир Отажонов мораль сөзін ұмытқан. Ол қасиетті Рамазан айында этика мен ұлттық дәстүрді бұзды", - делінген мекеме таратқан хабарламада. Әншінің өзі жақында видеоүндеу жариялап, "маған бәрібір" деп мәлімдеген. "Қаласаңыздар менің лицензиямнан айырыңыздар. Олай істеуге сіздердің құқықтарыңыз бар", - деді Жахонгир Отажонов. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде әншінің тойда төбесінен ақша жаудырғаны жайлы видео тараған болатын. Оған қонақтар таңғалған. Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.