Бердібек Сапарбаевтың бұл жолғы пәрмені қандай?

Бердібек Сапарбаевтың бұл жолғы пәрмені қандай?

Бердібек Сапарбаевтың бұл жолғы пәрмені қандай?
ашық дереккөзі
Елміздегі ЖОО тексеріс атаулы апталап орын алатын үлкенді-кішілі мектеп аралық «төңкеріске» айналып үлгергелі қашан. Енді оның санын прокурорлар мен білімге жауаптылардан жасақталған топтан құралған тексеріс толықтырып отыр. Тексерістің басты мақсаты - сыннан өтпеген ЖОО мен колледждер бірден жабу. Вице-премьер Бердібек Сапарбаев Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде осындай пәрмен берді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары, әсіресе жекеменшік жоғары оқу орындарындағы білім сапасының сын көтермейтінін айтты. Осыған орай, тәртіп қатаңдатылатынын ескертті. Сондай-ақ, мектептер де вице-премьердің сынына ілікті.Бердібек Сапарбаев, Білім министрлігінде әлі күнге дейін аз кешенді мектептерді қысқартатын дені дұрыс бағыттың жоқтығын айтты. Ал, Білім және ғылым саласын бақылау бойынша комитет төрағасы Саят Нүсіпов ұлттық бірыңғай тесттің орындалуын сынға алды. Ол:«мектеп директорлары үлгерімі нашар балаларды қалай да болса тестілеуге жібермеуге тырысады»,- деді. Соңғы жылдары ҰБТ нәтижелері жақсарғанмен, оған қатысатын балалар саны азайғанын тілге тиек етті. «Білім басқармасындағылар мен мектеп директорлары осы орайда өз көрсеткіштері мен рейтингтерін ойлап, нашар оқитын балаларды сынаққа жібермейді. Бұл адам құқығын шектеу болғандықтан мұны доғару керек»,-деді Саят Нүсіпов.Билік басындағылар ақылдасып алғандай Білім және ғылым министрлігінің әр басқан қадамын май шаммен қарайтын болыпты. Енді іс насырға шауып, еліміздегі онсызда саны саусақпен санарлық оқу орындарын жөндеуден өткізіп, қайда жаңартудың орнына есіктеріне біржола қара құлып салуды жөн көрген сығайлы ел билігі.