Кедейлікпен күрестің тиімді жолын ұсынған ғалымдарға Нобель сыйлығы бұйырды

Кедейлікпен күрестің тиімді жолын ұсынған ғалымдарға Нобель сыйлығы бұйырды

Кедейлікпен күрестің тиімді жолын ұсынған ғалымдарға Нобель сыйлығы бұйырды
ашық дереккөзі
Биыл экономикадан Альфред Нобель атындағы беделді сыйлықты Абиджит Банерджи, Эстер Дюфло және Майкл Кремер жеңіп алды, деп хабарлайды Елорда Инфо BBC-ге сілтеме жасап. Олар кедейлікпен күресудің тәжірибелік тәсілін жүргізгені үшін осы марапатқа ие болды. «Осы жылдың лауреаттары әлемде кедейлікпен күрестің ең тиімді жолдары қандай дегенге сенімді жауап алудың жаңа тәсілін ұсынды», – делінген швециялық Ғылым академиясының мәлімдемесінде. Осы жылдың «Нобель» апталығының алғашқы бес күнінде АҚШ-тан (бес лауреат, оның біреуі жартылай канадалық), Швейцариядан (екі), Жапониядан, Ұлыбританиядан, Эфиопиядан және Австриядан (бір лауреаттан) ғылым және мәдениет қайраткерлері беделді сыйлықтарға ие болды. Айтарлығы, былтыр әдебиет сыйлығы ешкімге тағайындалмаған болатын. Биыл поляк ақыны және жазушы Ольга Токарчук өткен 2018 жылдың лауреатына ие болды. Экономикадан «Нобель» 1969 жылдан бастап беріледі. Былтыр Швецияның орталық банкі сыйлықты қаржыландыру үшін Альфред Нобельдің қорына қажетті соманы аударған болатын. Сол себепті оның толық атауы «Альфред Нобельді еске алу үшін экономикадан Риксбанк сыйлығы» деп аталады. Экономикадан Альфред Нобель сыйлығы 1968 жылы Швед мемлекеттік банкімен бекітілген. Бірақ ол 1895 жылы Нобельдің өсиет етіп кеткен негізгі бес сыйлығының қатарына жатпайды. Бұл марапатты жыл сайын корольдік ғылым академиясы тапсырады, оның сомасы, қалған сыйақылардың сомасы сияқты тоғыз миллион швед кронын (шамамен 900 мың доллар) құрайды. Алайда бұл сыйлық та сол ережелер бойынша беріледі. Экономика саласындағы сыйлық Альфред Нобель қайтыс болған күні, яғни 10 желтоқсанда Стокгольмде өзге жеңімпаздармен бірге тапсырылады. Айта кетейік, Массачусетс технологиялық институтының маманы француз Эстер Дюфло «Нобельге» ие болған екінші әйел атанып отыр. Ал алғашқысына 2009 жылы америкалық Элинор Остром экономикалық басқаруға жүргізген талдау жұмысының негізінде жеңіп алған.