Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы азаяды

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы азаяды

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы азаяды
ашық дереккөзі
Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, күш құрылымдарының сұранысы  республикалық бюджетке енгізілген.  Ең көп ақшаны  Ішкі Істер министрлігі сұрап отыр. Екінші орында Қорғаныс министрлігі.  «Қорғаныс, қоғамдық қауіпсіздік пен ішкі тұрақтылықты сақтауға алдағы үш жылға 4,3 трлн қарастырылған. 2020 жылға – 1,5 трлн. Бұл ішкі жалпы өнімнің 11,4 пайызы. Мәселен, Ішкі Істер министрлігіне –  394,1 млрд, арнайы мемлекеттік органдарға – 375,1 млрд, Қорғаныс министрлігіне – 331, 8 млрд, Бас прокуратураға – 31,9 млрд теңге бөлу жоспарланған», – дейді Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов. Бірақ 2021 жылы күш құрылымдарына  бөлінетін ақша 1,4 трлн-ға дейін кемуі мүмкін.  Мұның себебі шығынның  көптігі мен кірістің азаюымен байланысты сияқты. Өйткені соңғы сегіз айдың қортындысы бойынша, қорғанысқа тартылатын инвестиция бір жылда 37 пайызға құлдырап  18,7 млрд-қа түсіп кеткен. Ал былтыр бұл көрсеткіш 29,7 млрд теңгеге жеткен еді. Алайда, бұған қарамастан қаңтар-тамыз айларында қорғанысқа мемлекеттік бюджеттен 373 миллиард бөлінген.