Елбасы Жапонияның императорына көңіл айтты

Елбасы Жапонияның императорына көңіл айтты

Елбасы Жапонияның императорына көңіл айтты
ашық дереккөзі
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның Императоры Нарухитоға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты. Нұрсұлтан Назарбаев табиғат апаты мен нөсерлі жаңбыр салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Сізге, сондай-ақ қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін», - делінген жеделхатта.