Оралда қоқыс жәшігінен табылған сәбидің анасы дәретханада босанғанын айтты

Оралда қоқыс жәшігінен табылған сәбидің анасы дәретханада босанғанын айтты

Оралда қоқыс жәшігінен табылған сәбидің анасы дәретханада босанғанын айтты
ашық дереккөзі
Оралда жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әйелдің оқиғасы қазақстандықтардың жағасын ұстатқан еді. Бауыр етін өлімге қиған әйел анықталып, ұсталды. Айтуынша, әйел дәретханада босанып қалып, сәбиі өлі туған. Бұл туралы «Астана» арнасы хабарлады.  Шақалақтың өлі денесін жергілікті тұрғын тауып алып, бірден полиция шақырыпты. Анықталғандай, перзентін өлімге қиған әйелдің 4 баласы бар. Қазіргі уақытта шақалақ өлімінің себебі анықталуда. «Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларының барысында Орал қаласының 1988 жылғы тұрғынын анықтап, тұтқындады. Оқиға орнынан спорттық сөмке, көрпе, екі пакет және домофон мен пәтердің екі кілті тәркіленді. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу басталды», - дейді БҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Болатбек Белгібеков. Еске сала кетсек, бұған дейін Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің денесі табылған еді.