Қазақстандыққа 568 теңге, шетелдікке 6 500 теңге: Нұрымбетов Атыраудағы жалақы теңсіздігін сынға алды

Қазақстандыққа 568 теңге, шетелдікке 6 500 теңге: Нұрымбетов Атыраудағы жалақы теңсіздігін сынға алды

Қазақстандыққа 568 теңге, шетелдікке 6 500 теңге: Нұрымбетов Атыраудағы жалақы теңсіздігін сынға алды
ашық дереккөзі
Қазақстандық және шетелден тартылатын мамандардың жалақы теңсіздігі мәселесінің көтеріліп жүргеніне талай жылдың жүзі. Атырауға сапары барысында бұл түйткілге еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов назар аударды.  Министр «Болашақ-Атырау» ЖШС мұнай мен газ өндіру зауытына барды. Ол сапар барысында журналистердің сұрағына жауап берді. Өз сөзінде Нұрымбетов 50-ден астам шетелдік маман жұмыс істейтін қазақстандық кәсіпорындар еңбек министрлігі мен бас прокуратурамен тексерілетінін мәлімдеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде 2 425 компания бекітілген квота бойынша шетелдік жұмысшыларды тартып отыр. Аталған кәсіпорындарда 530 мыңнан аса қазақстандық жұмыс істеуде. Нұрымбетовтың айтуынша, биылғы жылдың қазан айының ортасына дейін 49 кәсіпорын тексеріліп, комиссия 791 бұзушылықты анықтапты. 24 кәсіпорында қазақстандық және шетелдік мамандарға жалақы мен сыйақы төлеуге қатысты 476 бұзушылық анықталған. «Осылайша, Атырау облысындағы «Мұнақұрылысқызметі ЛТД» ЖШС-да жергілікті инженереге 568 теңге көлемінде сағаттық тарифтік мөлшерлеме белгіленген. Ал осындай қызметтегі шетелдік жұмысшыға 6 500 теңге белгіленіпті. Мұндай тәжірибеге жол беруге болмайды», - дейді еңбек министрі. Біржан Нұрымбетов қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың еңбек жағдайы мен жалақысы тең болуы керектігін ескертті.