Тоғыз айда өнеркәсіп өндірісі 3,3 пайыз өскен

Тоғыз айда өнеркәсіп өндірісі 3,3 пайыз өскен

Тоғыз айда өнеркәсіп өндірісі 3,3 пайыз өскен
ашық дереккөзі
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында 9 айдың экономикалық көрсеткіштерін жариялады.  «Қаңтар-қыркүйекте жалпы ішкі өнім 4,3% өсті. Өсу құрылыстағы, саудадағы және көлік саласындағы шығарылымның ұлғаюымен қамтамасыз етілді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 9,7% өсті. Қыркүйекте жылдық инфляция 5,3% құрап, жоспарланған дәліз шегінде екенін көрсетті. Қаңтар-тамыз айларында халықтың нақты табыстары 6,7% өсті», - деп айтты Ұлттық экономика министрі. Дәленов өнеркәсіп өндірісі 9 айда 3,3% өскенін айта кетті. «Өңдеу өнеркәсібі мен кен өндіру өнеркәсібі өсудің драйверлері болды. Өндеу саласында ең жоғары өсуге жеңіл өнеркәсіпте машина жасауда, сусындар өндірісінде және фармацевтикада қол жеткізілді. Кен өндіру өнеркәсібінде металл рудасын өндіру 13,1% өсті. Бұл өсім түсті металл рудасын өндірудің ұлғаюымен қамтамасыз етілді. Сонымен бірге, көмір және мұнай өндіруде әлі де төмендеу байқалады», - деді министр. Оның сөзінше, құрылыс жұмыстарын жүргізу 13,5%-ға дейін жеделдеп, 8,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал ауыл шаруашылығы салаларында мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 3,5%-ға ұлғайды. Өсімдік шаруашылығы өндірісі 4%-ға төмендеді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығында 0,5% төмендеу тіркелді. «Көрсетілетін қызметтер саласында өсу 4,4% құрады. Көтерме сауданың өсуі есебінен сауда көлемдері 7,6%, жүк айналымының есебінен көлік қызметтері 5,5% өсті. Қаңтар-тамызда сыртқы сауда айналымы 1,8% өсіп, 62,1 млрд долларды, оның ішінде экспорт көлемі 37,6 млрд долларды, импорт 24,5 млрд долларды құрады», - деді министр Үкімет отырысында.