БҰҰ соңғы онжылдықтағы ең ірі қаржы дағдарысына ұшырады

БҰҰ соңғы онжылдықтағы ең ірі қаржы дағдарысына ұшырады

БҰҰ соңғы онжылдықтағы ең ірі қаржы дағдарысына ұшырады
ашық дереккөзі
БҰҰ  қаржы дағдарысымен бетпе-бет келді. Ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш алдағы айда ұйым 44 мың қызметкерге жалақысын төлей алмай қалуы мүмкін екенін айтты.Бұл туралы Швейцарияның Neue Zürcher Zeitung басылымына хабарлады. «БҰҰ қаржылық дағдарысқа ұшырады. Қолма қол ақшасыз бюджет тиісті жолмен атқарыла алмайды», деді Нью Йорктегі БҰҰ бюджетті комиссия алдында сөз сөйлеген Бас хатшы. Автордың айтуынша, осылайша Гутерриш бүгінгі таңда ұйымға мүше 193 мемлекеттің тек 129-ы мүшелік жарнаны төлегенін жеткізген. Ең ірі борышкер АҚШ болып отыр. Вашингтон салатын қаржы БҰҰ бюджетінің 22 пайызын құрайды. «Бүгінгі бюджет 3,3 млрд доллар, ал қарыз 674 млн доллар болып тұр. Вашингтон былтырғы 381 млн доллар қарызын да төлемеген. БҰҰ өткен айда ақшаны үнемдеу үшін арнайы шара қабылдауға мәжбүр болған. Яғни, кейбір жоғары лауазымдарға адам қабылданбаған, маңызды кездесулер мен жиналыстар өткізілмеген немесе уақыты ауыстырылған», деп жазады автор. Оның айтуынша, БҰҰ уақытында жарна төлемейтін қатысушы мемлекеттермен күресіп жүр. «Қыркүйектің соңында биылғы жылдың бюджеті тек 70%-ке қаржыландырылған. Бұл былтырғы жылдан төмен. Жалпы алғанда БҰҰ 1,3 млрд доллар қарызын өндіре алмай отыр», деп жазады басылым.