Мемлекет басшысы сенбілікке қатысып, көшет отырғызды

Мемлекет басшысы сенбілікке қатысып, көшет отырғызды

Мемлекет басшысы сенбілікке қатысып, көшет отырғызды
ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірге Жасыл Қазақстан» шарасының аясында Ботаникалық бақта ағаш отырғызып, сенбілікке қатысушылармен сұхбаттасты, деп хабарлайды Ақорда. 

"Шараға премьер-министр Асқар Мамин, үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, спортшылар мен оқушылар қатысты. Көгалдандыруға арналған сенбілік барысында Ботаникалық бақта 300 көшет отырғызылды", - делінген хабарламада. Жалпы бүгін Елорда көшелері мен саябақтарында 5 мың ағаш егіліп, қала ажарын арттыра түспек. Сонымен қатар биыл күзде «Экологиялық сағат» шарасының шеңберінде еліміз бойынша қосымша 1 миллионға жуық көшет егіледі.