11 Қазан, 10:49 282 0 Заң Анар ЛЕПЕСОВА

Донер дүңгіршегін тонамақ болғандар терезеге қыстырылып қалды

Елордада донер сататын дүңгіршекті тонамақшы болған ерлі-зайыпты ұсталды.

Бұл жәйт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Нысанның терезесіне түскен ер адамды Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығының инспекторы байқап қалған. Ол оқиға орнына полиция қызметкерлерін бағыттаған. Дереу жеткен тәртіп сақшылары екі адамды қолға түсірді. Кейін ұсталғандар Сарыарқа ауданының полиция басқармасына жеткізілген. Анықталғандай, алкогольдік ішімдік ішкен 26 жастағы жігіт қызбен бірге дүңгіршекке кіріп, қайта шыға алмай қалған.

Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар