Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында «Қыркүйектің ең үздік спортшысына» дауыс беру аяқталды.
Дауыс беру нәтижесі бойынша Бекзат Нұрдәулетов жеңіске жетті. Қыркүйек айының үздігі атануға 6 спортшы үміткер болды. Олар: Бекзат Нұрдәулетов (бокс), Қамшыбек Қоңқабаев (бокс), Нұрқожа Қайпанов (еркін күрес), Дәулет Ниязбеков (еркін күрес), Игорь Сон (ауыр атлетика), Қорлан Жақанша (грек-рим күресі).
Дауыс беру бүгін сағат 13:00-де тоқтатылды. Нәтижесінде, 43,07 пайызбен Бекзат Нұрдәулетов топ жарды. 23,34 пайызбен Қорлан Жақанша екінші орынға жайғасса, 22.08 дауыс жинаған Нұрқожа Қайпанов үшінші орынға ие болды.