Нығматулин: 9 айда жүкті әйел босанып үлгереді, ал сендер бір бұйрық дайындай алмайсыңдар!

Нығматулин: 9 айда жүкті әйел босанып үлгереді, ал сендер бір бұйрық дайындай алмайсыңдар!

Нығматулин: 9 айда жүкті әйел босанып үлгереді, ал сендер бір бұйрық дайындай алмайсыңдар!
ашық дереккөзі
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінетін бағдарламаларды іске асыруда жайбасарлыққа салынған шенеуніктерге шүйлікті. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын талқылау кезінде "Жас маман" жобасының орындалуы барысына назар аударды. Нығматулин жыл басында, яғни Жастар жылының ашылуы рәсімінде Елбасы "Жас маман" бағдарламасын дайындау үшін Үкіметке тиісті тапсырмалар бергенін еске салды. Алайда осы бағыттағы қажетті шаралар іске асырылмаған. Осы орайда, Мәжіліс төрағасы құжатты дайындау мен келісудің ұзақ рәсімдерін сынға алды. "Тапсырманы орындамаудың себебінің өзі наразылық тудырады, яғни бұл жағдай бағдарламаны жүзеге асыру тәртібін дайындау мен келісу кезіндегі жай ғана қағазбастылықпен түсіндіріліп отыр. Бір құжатты келісу шараларына 9 ай мерзім жұмсалған. 9 айда жүкті әйел дүниеге бала әкеліп үлгереді. Ал сендер бір бұйрықты дайындай алмайсыңдар! Менің ойымша, бұл жайт жастардың мүддесін қамтитын маңызды бағдарламаны жүзеге асыру кезіне бюрократиялық әуре-сарсаңның жарқын үлгісін көрсетіп отыр. "Жастар жылы" болса аяқталуға таяп қалғанда, сендер енді ғана оянып жатсыңдар", - деді Нығматулин.