9 Қазан, 11:59 206 0 Білім Анар ЛЕПЕСОВА

Физика саласындағы Нобель үш астрономға бұйырды

Физика саласы бойынша 2019 жылғы Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сыйлық ғарыштық зерттеулер жүргізгені үшін 3 бірдей ғалымға бұйырған. Мишель Майор мен Дидье Кело сонау 1995 жылы алғашқы экзоғаламшардың, яғни Күн жүйесінен тыс ғаламшардың барын анықтаған. Қос ғалымның ортақ жұмысының арқасында астрономияда революциялық жаңалықтар ашылып, Құс жолында 4 мыңнан аса экзоғаламшардың бары анықталған. Ал үшінші ғалымның есімі – Джеймс Пиблс. Ол физикалық ғарышнама саласында теориялық жаңалықтар ашқаны үшін сыйлыққа лайық деп танылған.

Горан Хэнсон, Нобель комитетінің бас хатшысы:

- Биылғы лауреаттар біздің ғарыш туралы түсінігіміздің кеңеюіне септігін тигізді. Ақшалай сыйлықтың жартысын Күн типті жұлдыз төңірегінде айналатын экзоғаламшарды ашқан швейцариялық ғалымдар Мишель Майор мен Дидье Кело өзара бөлісетін болады. Ал екінші бөлігі Үлкен жарылыстан кейін ғаламның қалай дамығаны туралы біздің түсінігіміздің қалыптасуына үлесін қосқан Джеймс Пиблсқа беріледі.

Соңғы жаңалықтар