8 Қазан, 10:25 332 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

Головкин рингтен шеттетілді

Әлем чемпионының екі титулын жеңіп алған қазақстандық боксшы Генадий Головкин жекпе-жектен шеттетілді, деп хабарлайды Sports.kz.

5 қазанда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченконы (13-1, 10 КО) жеңіп, IBF және IBO титулдарына ие болған еді.

BoxRec.com-ның хабарлауынша, Нью-Йорк штатының Атлетикалық комиссиясы Геннадий Головкинге рингке шығуға тыйым салды. Бұл кездесулерден кейін жасалатын әдеттегі шара. Спортшының қалпына келуі үшін жекпе-жек өткізуге шектеу қойылады. Деревянченкоға қатысты да осындай шара қолданылды.

Айта кетсек, кездесуден кейін екі спортшы да ауруханаға жеткізілген болатын. Деревянченко оң көзін зақымдап алса, Головкин қолын жарақаттаған.

 

Соңғы жаңалықтар