8 Қазан, 10:13 364 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

Шаң-түтінге уланған арыстықтар көмір базасын жауып тастауды талап етті

Жарылыстың зардабын тартқан Арыс тұрғындары енді  көмірдің шаңы мен түтініне уланып отыр, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Көкөніс қоймасы ретінде ашылған жекеменшік нысан  бес жылдан бері көмір базасына айналып кетіпті. Тұрғын-жайлардан кемі жарты шақырымда орналасуы тиіс база мен үйлердің арасы 50 метр болғандықтан, арыстықтар жаздай шаңға тұншығып, қыстай түтінге уланып жатырмыз дейді.

"Күнде осы, таң атқаннан кеш батқанға. Балашағаны үйге қамап шығармаймын. Шығарғанның өзінде мектепке апарамыз, біреуі үйде уланып жатыр. Демалуың қиын, жөтел деген бәле болды. Қазір басымыз ауырып жүр. Бетперде саудасы қызып тұр", - дейді Арыс қаласының тұрғыны Үкіжан Асанова.

Өкпесі қатты отынның шаңы мен түтініне толғанын айтқан арыстықтар шетімізден сырқат болдық деп шағымдануда. Көмір базасының орнын ауыстырып, не жауып тастауын талап еткен жұрт жергілікті билікке сан мәрте шағым жазған. Тексеріп келген санэпидемилологтар мен экологтар тұрғындардың арызын құптап, зиянды нысан үйлерге жақын орналасқанын ескертіп, жабылсын деген ұйғарым жасапты. Алайда құзырлы орындардың шешімін жекеменшік мекеме басшысы «қыстырған да жоқ» деген жұрт көмір сататын кәсіпкердің жоғарыда дөкей көкелері бар деп санайды. Ал жұртқа зиян тигізгенін мойындаған кәсіпкердің өзі «бар түйткіл жергілікті әкімдікте» деп отыр.

Соңғы жаңалықтар