2 Қазан, 15:36 368 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

Тараздың орталық алаңына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

Тараздағы "Достық" алаңы  "Нұрсұлтан Назарбаев" алаңы деп аталатын болды. 

Тиісті қаулы "Әділет" ашық ақпараттық-құқықтық актілер порталында жарияланды. Құжат мәтінінде заңнамаға сәйкес, өңір халқының пікірі ескеріле отырып және үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі мен облыстық мәслихат Тараз қаласындағы "Достық" алаңының атауын "Нұрсұлтан Назарбаев" деп өзгерту туралы шешім қабылдағаны жазылған.

"Осы нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта.

 

Соңғы жаңалықтар