Қазанда қандай ауа райы күтіп тұр?

Қазанда қандай ауа райы күтіп тұр?

Қазанда қандай ауа райы күтіп тұр?
ашық дереккөзі
"Қазгидромет" мамандарының болжауы бойынша, Иран аумағынан жылжыған жылы ауа массасының келуіне байланысты қазан айының алғашқы аптасы жылы болады. Термометр бағандары күндіз елдің солтүстік бөлігінде 15…23 градусқа дейін, оңтүстік бөлігінде 20…28 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі. Сонымен қатар, айдың басында солтүстікте, орталықта және шығыста ауа температурасы түнде нөлден 2…10 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде 3 градус нөлден жоғары болады. Содан кейін, бірінші онкүндіктің соңында Ресейдің Еуропалық аумағынан суық ауа массаларының келуімен ауа температурасы аздап төмендеп, алдымен батыста содан кейін республиканың қалған аумағында жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы күндіз батыс және солтүстік өңірлерде нөлден жоғары 7…15 градусқа дейін, шығыста 8…18 градусқа дейін, оңтүстік өңірлерде 12…20 градусқа дейін төмендейді. Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, қазан айында жауын-шашын, тұман, көктайғақ, екпіні 15-20 м/с-қа жетіп, жайлы күн райы жиі алмасып отырады. “Қазан айының орташа ауа температурасы Қазақстанның көптеген бөлігінде нормаға жуық, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облысының батысында нормадан 1°С жоғары болады. Жауын-шашын мөлшері еліміздің көптеген бөлігінде – жылдық орташа мәнге жуық шамада, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай және Қарағанды облыстарында нормадан төмен болуы ықтимал”, - делінген синоптиктер болжамында.