30 Қыркүйек, 10:16 500 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Кез келген адам өз есімін Марсқа аттандыра алады

Есіміңізді Марсқа жібергіңіз келе ме? Америка Құрама Штаттарының Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) кез келген адамның осындай арманын орындай алады. Mars 2020 миссиясының аясында NASA  тілек білдірушілердің есімін Марсқа жібере алады. Бұл туралы компанияның әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап korrespondent.net хабарлады.

Өз атыңызды Марсқа жіберу үшін 30 қыркүйекке дейін NASA сайтына тіркелуіңіз керек. Бұл жағдайда адамдардың аттары арнайы микрочиппен басқа ғаламшарға жіберіледі. Ол келесі жылдың шілде айында Марсқа баратын құрылғыға орналастырылады. NASA сайтында жарияланған 29 қыркүйектегі ақпаратқа сәйкес, есімдердің көпшілігі Түркиядан (2,5 миллион) тіркелген. Екінші орында Үндістан тұрғындары (шамамен 1,6 млн есім) тұр. Америкалықтардың ішінде 1,3 миллион адам өз есімдерін тіркеген. Ал Украинадан 56 мың адам тіркелген.

Соңғы жаңалықтар