Биыл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 31,5 мың отбасы баспаналы болды

Биыл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 31,5 мың отбасы баспаналы болды

Биыл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 31,5 мың отбасы баспаналы болды
ашық дереккөзі
Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 31 523 қазақстандық отбасыға қолжетімді шарттармен несие берді. Бүгінде олар көптен күткен баспаналарына қол жеткізіп, жаңа қоныс иелері атанды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі. 
Өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі былтыр 22 363 несие берген. Яғни, бір жыл бұрын орташа есеппен алғанда күніне 133 отбасы баспаналы болса, ал биыл олардың саны 190-ға дейін артқан. Жалпы банктегі займның орташа сомасы 10,6 млн теңгені құрайды. Атап айтсақ, несиенің 38%-ы салымшыларға пәтерді жаңа салынған үйден сатып алу мақсатында берілсе, ал 58%-ы – қолданыстағы үйден пәтер сатып алу үшін берілген. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жұмыс жасағалы бері 204 208 қазақстандық отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды. Олардың ішінде 88,7%-ы баспана иесі атанды, 6%-ы несиені өз үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында алған, 1,5%-ы несиені жер үй салу мақсатында алды және 0,7%-ы несиені жер телімін сатып алу мақсатында алған.