26 Қыркүйек, 18:03 561 0 Жаһан Túrkistan Gazeti

Жолдау әлеуметтік мәселелерді шешуді көздейді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан хал­­қына арнаған алғашқы жол­дауы негізінен әлеуметтік мәселелерді шешуге және мемлекеттің жаңашылдыққа бет бұруына арналғандай. Сол сияқты ішкі саясат бойынша жүргізілген реформалар, білім сапасын жақсарту түйткілдері айтылған. Әсіресе, ал­­дағы төрт жылда мұғалімдер жал­ақысын көтеру, ерекше қамқор­лықты қажет ететін балаларды ескеріп, үш жыл ішінде 58 млрд тең­ге бөлу қарастырылатыны қуант­­ты.

Аймақ бойынша бюджет көлемі артып, жергілікті тұрғындардың шенеуніктер жұмысын қадағалау тетігі құрылатыны құптарлық әрекет. Бұл арқылы демократиялық құндылыққа көңіл бөлінетіні сөзсіз. Бұдан өзге таза ауыз су, газ жүргізу, жол салу сияқты инфрақұрылым жобалары Қазақстанда модернизация жұмысының жандануына септігін тигізеді. Ел халқы міндетті медициналық сақтандыруды пайдаланудың нәтижесінде денсаулық сақтау саласына бөлінетін шығынның молаюына, сапалы медициналық қызмет алуына мүмкіндік туғызады.

Ник Филдинг,

британдық журналист, жазушы, саяхатшы

Соңғы жаңалықтар