26 Қыркүйек, 17:46 425 0 Нұр Отан Анар ЛЕПЕСОВА

Елімізде инклюзияны қолдау кабинеттерінің қатары артады

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Нұр-Сұлтан қаласындағы №71 мектеп-лицейде ашылған инклюзияны қолдау кабинетіне арнайы барып, аталған бағыттағы жұмыстармен танысты.

Бұл бастаманы партияның қолдауымен «Болашақ» корпоративті қоры жүзеге асырып келеді. Басты мақсат – аутизм және басқа да ментальді ауытқушылықтарға шалдыққан балалардың үйден емес, балабақша, мектеп сияқты білім ошақтарында оқуына және құрбы-құрдастарымен қатар жүріп, ортаға бейімделуіне жағдай жасау.

«Әр бала мектепке баруға лайық» жобасы аясында 2015 жылдан бері елімізде 36 осындай кабинет ашылып, жұмыс істеп тұр. Жақын уақытта «Nur Otan»-ның қолдауымен «Болашақ» қоры бірнеше қалада тағы 7 кабинет ашпақ.

Дегенмен, «Болашақ» КҚ Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісованың айтуынша, бұл бастама барлық өңірде бірдей қолдау тауып отырған жоқ. Мәселен, Ақтөбе қаласында екі кабинет ашу үшін қор барлық керек-жарақты сатып алып, дайындап қойған. Алайда әлі күнге дейін мектептер қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізбей, әлеуметтік педагог, психолог және дефектолог мамандарын бөлмей отыр. Бауыржан Байбек бұл мәселені жеке бақылауына алатынын айтып, партия тарапынан қолдау болатынын жеткізді.

– Қазіргі таңда елімізде білім беруде ерекше қажеттілікті талап ететін 150 мыңнан астам бала бар. Олардың әрқайсысын әлеуметтік ортаға бейімдеп, қоғамның толыққанды мүшесі болуына көмектесу – біздің ортақ міндетіміз. Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы жүзеге асырылып келеді. Осы жоба аясында мәслихаттардағы «Nur Otan» фракциясы арқылы ерекше қажеттіліктерді талап ететін балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге қосымша қаражат бөлуді қамтамасыз етуді ұсындым, – деп Бауыржан Байбек өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Соңғы жаңалықтар