Алматының екі алаңында ғана митинг өткізуге болады

Алматының екі алаңында ғана митинг өткізуге болады

Алматының екі алаңында ғана митинг өткізуге болады
ашық дереккөзі
Электрондық үкімет порталында Алматы қаласы мәслихатының «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар тәртібін қосымша реттеу туралы» шешімінің жобасы жарияланды. Құжатта айтылғандай, VI шақырылымдағы Алматы қаласының мәслихаты: 1) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін; 2) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізілетін орындарды бекіту туралы шешім қабылдады. Осылайша, жиналыстар, митингілер, пикеттер, шерулер мен демонстрациялар үшін екі орын белгіленді, олар: «Сары Арқа» кинотеатрының артындағы алаң (4-шағын аудан) және «Южный» саябағы (Жароков көшесі, Хожанов көшесінің бұрышы). Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы рұқсат етілген митингтерге арналған орын саны көбейеді деп мәлімдеген болатын. Әкім «Сарыарқа» кинотеатрының алдындағы алаңнан басқа азаматтардың бейбіт жиналысын өткізетін тағы бір орынды анықтау туралы өтінішпен мәслихатқа жүгінуге уәде берген еді.