Маңғыстаудың әкімі Бекзат Нұрдәулетовке пәтер кілтін табыстады

Маңғыстаудың әкімі Бекзат Нұрдәулетовке пәтер кілтін табыстады

Маңғыстаудың әкімі Бекзат Нұрдәулетовке пәтер кілтін табыстады
ашық дереккөзі
 Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов пен оның бапкері Марат Жақиевті қабылдады. Кездесу барысында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Бекзат Нұрдәулетовке қала ортасынан екі бөлмелі пәтер сыйлады. Алғашқы бапкеріне 3 млн теңге және қазіргі уақытта жаттықтыратын бапкері Марат Жақиевқа 5 млн теңгенің сертификаты табысталды. Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов «Хабар» телеарнасындағы «Tańǵy Habar» бағдарламасына келіп, жеңістен алған әсерімен бөліскен еді. Сұхбат барысында ол: «Басты арманым – Олимпиада ойындарында топ жару», – деді. Еске сала кетейік, Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалғыз алтын медаль иеленді. 81 келіде қазақ елінің намысын қорғаған Бекзат Нұрдәулетов финалда өзбекстандық боксшы Дилшодбек Рузметовты жеңді. Осыдан соң Бекзат жеңісін қазақ еліне арнайтынын айтқан болатын. Жалпы, бұл сында қазақ боксшылары бір алтын, бір күміс және төрт қола медаль еншілеп, қорытынды есепте үшінші орынды қанағат тұтты.