24 Қыркүйек, 11:05 561 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

Қарттар үйіне барған еріктілерді мекеме басшылығы қуып шықты

Алматы облысында қарттар үйінен шу шықты. Дау еріктілер мен мекеме қызметкерлері арасында туындаған. Еріктілер ол жерге қарияларға концерт қойып, тәттілерден дәм татқызу үшін барған. Алайда ондағы қызметкерлер аяқ асты еріктілерді қуа бастаған, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

«Маған олардың бізбен ашулана сөйлескені бір түрлі көрінді. Біз пансионаттағы қарттарды уайымдаймыз. Ешқандай жанжалға жол бергіміз келген жоқ. Тек қана ыдысты жуып кетейін дегенбіз», – дейді ерікті Ералы Атибеков.

Ал мекеме әкімшілігінің сөзінше, еріктілер асханаға рұқсатсыз кіріп кеткен. Олардың айтуынша, тамақ әзірлейтін орынға қызметкерлерден бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады. Ғимаратты босатуын сұрағанда еріктілер оны құлаққа ілмей, қызбалыққа салынған. Қазір қарттар үйінде 50 азамат тұрады. Олардың басым бөлігінде психикалық ауытқу бар.

«Пансионаттағы қарттардың көбі тіпті қолдарында стаканды да ұстай алмайды. Егер шыны сынатын болса, жарақаттануы мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік мақсатында пластик ыдыстарды пайдаланамыз», – деді «Нұр Отау» пансионатының басшысы Галина Бурматова.

Соңғы жаңалықтар