23 Қыркүйек, 10:31 593 0 Көлік Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Жапонияда 500-ге жуық авиарейс тоқтатылды

 Жапонияда авиакомпаниялар «Тапа» тропикалық дауыл төндірген қауіптен 480-нен астам ішкі авиарейсті тоқтатты, деп хабарлайды NHK агенттігі. 

Жапониядағы авиакомпаниялар №17 тропикалық дауыл салдарынан жексенбіде 480-нен астам ішкі рейсті тоқтатты. «Тоқтатылған авиарейстер елдің оңтүстік батысындағы Кюсю аралын басқа өңірлермен байланыстыратын, оның ішінде Фукуока, Миядзаки, Нагасаки, Кагосима, Сага әуежайлары бар», – делінген хабарламада. Нақтылай кетсек, All Nippon Airways компаниясы 151 авиарейсті, Japan Airlines 126 рейсті кейінге қалдырған.

Соңғы жаңалықтар