Атырауда дерті асқынған жүкті келіншек көз жұмды

Атырауда дерті асқынған жүкті келіншек көз жұмды

Атырауда дерті асқынған жүкті келіншек көз жұмды
ашық дереккөзі

Атырау облысында жүкті келіншек қайтыс болды. Жүктіліктің 20-аптасындағы әйел Жылыой аудандық ауруханасына бактериялық-вирустық этиологиядағы пневмониямен асқынған ЖРВИ-мен түскен. Бұл туралы "Мой город" порталы хабарлады. 

Дәрігерлердің айтуынша, келіншек ауруханаға түспес бұрын екі апта үйінде өзі емделген.

Ақ халаттылар қанша тырысқанымен, екіқабат әйелдің өмірін сақтап қала алмаған.

Атырау облыстық прокурорының орынбасары 17 қыркүйек күні жоғары температурасы бар 36 жастағы келіншек жансақтау бөліміне түсіп, бірнеше сағатта қайтыс болғанын хабарлады.

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.