20 Қыркүйек, 21:18 430 0 Қауіпсіздік Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Әлеуметтік көмек көрсету маңызды

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті Наурызбай ауданының пробация қызметі 23.10.2014 жылғы №1131 Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» және «Жол картасы-2020» қаулысына сәйкес, жұмыс үстеуде.

Наурызбай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып, есепте түрған сотталғандарға атаулы әлеуметтік көмекке, қажетті құжаттарды, анықтамаларды дайындап беру жұмыстары жіргізілді. Аталған әлеуметтік көмек көп балалы отбасыларға бір жылға дейін беріледі. Осы қөрсетіліп отырған көмек бойынша Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Наурызбай ауданы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың үш көп балалы отбасына көрсетілуде.
Алайда, Алматы қаласы бойынша жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, пробация қызметінің есебінде тұрған 2 сотталған мамандандырылған даярлау курсын оқуда. Аталған курсты аяқталуымен мамандығы бойынша сертификат беріледі. Оқыған мамандығы бойынша жеке кәсіпкер ретінде жұмыс атқарған жағдайда мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант көмегі ұсынылады.

 

Соңғы жаңалықтар