20 Қыркүйек, 14:34 388 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

Еліміздің бірқатар өңірлерінде 38 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша 20-22 қыркүйек күндеріне ауа температурасы күрт көтеріледі.  

Жексенбі күні атмосфералық фронттар солтүстік, орталық және оңтүстік, ал дүйсенбіде Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарына жетіп, бұл аймақтарда да жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендей бастайды.

Бірақ демалыс күндері әлі де жылы болады, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық аймақтарда максималды ауа температурасы плюс 30-38°С болып, климаттық нормадан 4-8°С жоғары болады.

Соңғы жаңалықтар