18 Қыркүйек, 18:42 447 0 Саясат Анар ЛЕПЕСОВА

Марат Тәжин қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бұл қызметке Қырымбек Көшербаев тағайындалды.

«Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылсын», – делінген Жарлықта.

Соңғы жаңалықтар