18 Қыркүйек, 16:09 543 0 Экономика Анар ЛЕПЕСОВА

Өткен жылдың салығын уақтылы төлемегендерді не күтіп тұр?

Әлеуметтік желілерде өткен жылдың салығын төлемегендерге 20 мың теңге айыппұл салынады деген хабар желдей есті. Осы ақпаратқа қатысты Мемлекеттік кіріс комитеті түсініктеме берді.

Соңғы кездері әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өткен салықтық кезеңдер үшін берешегі бар азаматтар борышын осы жылдың 1 қазанына дейін өтемесе, оларға 8 АЕК (шамамен 20 000 теңге) көлемінде айыппұл салынатыны туралы хабарламаға тараған.

Алайда қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Жеке тұлғалар бюджетке жер және мүлік салықтарын өткен жыл үшін осы жылдың 1 қазанына дейін төлеуі тиіс. Көлік салығы осы жыл үшін 31 желтоқсанға дейін өтеледі.

Қолданыстағы ҚР салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі", – делінген мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, ведомство осы жылдың соңына дейін жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық процесі жүріп жатқанын атап өтті.

Оның ережесіне сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде жойылады.

Соңғы жаңалықтар