Шіріген картоптан 4 адам көз жұмды

Шіріген картоптан 4 адам көз жұмды

Шіріген картоптан 4 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Ресейде төрт адам шіріген картоптан уланып, көз жұмды, деп хабарлайды Риа Новости. "Челябинск облысының Кусинск ауданындағы Магнитка ауылында көкөніс сақтайтын ауданда төрт адамның мәйіті табылды. Оның ішінде 16 жастағы жасөспірім де бар",- делінген хабарламада. Алдын ала ақпарат бойынша, азаматтар шіріген картоптың иісінен пайда болған газға уланып қалған. Белгілі болғандай, олар қойманы тазартпақ болған. Қазіргі уақытта болған жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.