16 Қыркүйек, 16:54 421 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Мұнай бағасы күрт қымбаттады

Әлемдік нарықта қара алтын бағасы қымбаттады. Вrent маркалы мұнай барреліне 70 долларға жетті. Жанармай фьючерсінің өсімі 20 процентті құрады. Мамандар мұндай өсім соңғы 30 жылда болмағанын алға тартып отыр. 

Бағаның бұлай күрт құбылуына Сауд Арабиясынының мұнай өндірісін қысқартуы себеп болған. Айта кетейік, сенбі күні АRАМСО компаниясының Абкайк пен Хураиста орналасқан зауыттарына дронмен шабуыл жасалды. Салдарынан қуаттылығы төмендеп, мұнай өндіруін тәулігіне 5 жарым млн баррельге дейін төмендеткен. Енді нарықтағы отын тапшылығын АҚШ тарапы қамтамасыз етеміз деп отыр. Президент Трамптың айтуынша, ол америкалық қордағы қара алтынды сатылымға шығарады.

«Мұнай бағасымен бірге оған қатысы бар кәсіпорындардың акциялары да қымбаттайды. Ал әуе және теңіз компаниялары шығынға батады. Қордағы шикізат құны арта түседі. Бұл орайда мұнай тасымалдайтын елдерге экономикалық қысым болмақ. Себебі тасымалдау ақысы қымбаттайды. Сауд Арабиясы өздерінің мұнай өндірісін қорғай алмай, хуситтер шабуылын жалғастырса, әлем экономикасы зардап шегеді. Бұл жаһан үшін өте қауіпті», – дейді сарапшысы Франсис Лун.

Соңғы жаңалықтар