15 Қыркүйек, 16:57 499 0 Заң Анар ЛЕПЕСОВА

Елордада халықаралық іздеуде жүрген өзбекстандық ұсталды

Нұр-Сұлтанда халықаралық іздеуде жүрген өзбекстандық азамат қолға түсті, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Елорда полицейлері «Заңсыз келуші-Арна-Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасының нәтижелерін шығарды.

«Іс-шара 9 қыркүйектен бастап өткізілді және көші-қон заңнамасын бұзуды анықтауға, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге, тиісті рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асырушы көшіп-қонушыларды тексеруге, іздеуде жүрген адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталды», - делінген департаменттің ақпаратында.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 32 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Анықталғандай, осы жылдың сәуір айынан бастап ер адам Санкт-Петербург қаласының аумағында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін іздестірілуде жүрген. Сонымен қатар операция барысында полицейлер сот шешімін орындамағаны үшін 23 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол қаңтар айында Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі жауаптылыққа тартылған. Алайда бүгінгі күнге дейін ол сот шешімін орындамаған.

«Заңсыз келуші-Арна-Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы барысында барлығы 900-ден аса көші-қон саласындағы әкімшілік заңнаманы бұзушылық анықталды. Оның ішінде 900-ге жуық шетелдік азамат республикада болу қағидасын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 200 шетелдік азаматқа қатысты ҚР аумағында болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылданған.

Соңғы жаңалықтар