13 Қыркүйек, 11:59 486 0 Жаңалықтар Túrkіstan International Political Weekly

100-ден аса жоба жүзеге аспақ

Қайбір жылдары қазақтың қоңыр ауылдары қараусыз қалған еді. Ауыл халқы жұмыссыздықтың салдарынан қала жағалап та кетті. «Ауыл – ел бесігі» жобасы әр ауыл тұрғынының кеудесіне үміт отын жаққаны рас.

Биыл Түркістан облысында 7 елді­ме­кеннің мәселесін шешуге 4 млрд теңге бағытталды. Нәтижесінде 112,8 шақырым жол төселіп, 7 білім, 1 спорт және 5 мәдениет нысандары жөндеуден өтетін болады. Сондай-ақ, жоба аясында 2020 жылға 15 елді мекенде 114 жобаны іске асыруға 4,8 млрд теңге бағыттау жоспарлануда.

Бұдан өзге «Дипломмен ауылға» жобасы аясында биыл 1 729 маманға біржолғы көтерме жәрдемақыға жалпы 307 млн-нан астам теңге бағытталмақ. Сонымен қатар, жоба бойынша тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредиттер беруге 3,8 млрд теңге жоспарланып, нәтижесінде 356 маман баспаналы болмақ. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 3 413 пәтерлі, 64 тұрғын үйдің (231 мың шаршы метр) құрылысы жургізілуде. Жыл соңына дейін 2 613 пәтер пайдалануға беріледі.

 

Соңғы жаңалықтар